|
23.03.2023 | 17:29
4892

Алматыда Абай атындағы МАОБТ солистерінің дарынды балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті

Жас алматылықтардың алдында сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдос Жабагин, Дархан Жолдыбаев, Фархат Кубиев, Алияр Өтетілеу өнер көрсетті

Алматыда Абай атындағы МАОБТ солистерінің дарынды балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне орай дарынды балаларға арналған Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жеке орындаушыларының қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концертке қаланың барлық ауданынан 550 дарынды бала шақырылды. Олардың арасында халықаралық, республикалық, қалалық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпазы мен жүлдегерлері бар.

Сонымен қатар аталмыш іс-шара қала мектептерінің оқушыларын мәдени тұрғыда ағартуға және өсіп келе жатқан буынға патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

«Бүгін мұнда оқуда ерекшеленген қаланың барлық аудандарының балалары жиналды. Олардың білімі мен жетістіктері күн сайын арта түсуіне тілектеспіз.  Концерт жақсы әсер қалдырсын», — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Жас алматылықтардың алдында сахнада халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдос Жабагин, Дархан Жолдыбаев, Фархат Кубиев, Алияр Өтетілеу өнер көрсетті.

Олар халқымызға танымал шығармаларды орындады.  Олардың ішінде Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай»,  «Айттым сәлем, Қаламқас», Жаяу Мұсаның «Ақ сиса», халық әндері «Бір бала», «Аққурай» т.б.

Мерекелік бағдарламада қазақтың халық әндері орындалып, Ш.Қалдаяқов, Абай және Н.Тілендиев туралы концерттік нөмірлер қойылды.  Барлығы 17 шығарма көрермендерге ұсынылды және олар жоғары кәсіби деңгейде орындалды.

Айта кетерлігі, концерттік бағдарлама – Наурыз мейрамы мерекесіне орай, Алматы қаласы әкімдігі өткізетін мәдени шаралардың бірі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир