Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмысы басталды

Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Елдімекендерді су басып, жолдарды су шаю тіркелген жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында 22 наурыздан бастап өзендерде мұзды ұсақтау және қопсыту бойынша жарылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұқар-Жырау ауданындағы Ботақара, Мұстафина, Жастілек, Петровка және Теміртау қаласындағы 7 учаскеде 3390 шаршы метр аумақта кесу-жару жұмыстары жүргізілді.

"23 наурыздағы жағдай бойынша облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Елдімекендерді су басып, жолдарды су шаю тіркелген жоқ. Белсенді су басу процестері байқалмайды. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыстың  69 пайыз аумағын қар жауып тұр. Самарқанд су қоймасынан көлемі 15 м3/с, ағыны 7,5 м3/с, Ынтымақ су қоймасынан 8 м3/с, ағыны 16,7 м3/с су төгу жалғасуда. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағындар жоқ", – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Новости партнеров