Халықтың қос сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев пен Мақпал Жүнісова дуэт жаздырды. Мұңлы да сырлы әннің үзіндісін екі әнші де желідегі парақшаларында жариялады, деп жазады Stan.kz.
«Ән сүйер ағайын, сіздермен жақсы жаңалықпен бөлісейін. Қазақтың ерке қызы Мақпал апайыммен дуэт айту көптен бері көкейде жүрген ізгі арман еді… Міне, сол күнге жетіп қуанып отырмын. Ақын досым Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған, сазгер Ербол Ақбасовтың әнін жаздық. Өңдеген: Ринат Гайсин. Алдағы уақытта әннің толық нұсқасын тыңдайсыздар!» – деп бөлісті Бесбаев қуанышымен.
Ал желідегі пікірлерге қарасақ, қос өнерпаздың дуэтін күткен тыңдарманның көп екенін байқауға болады.
«Қандай керемет ән», «Жүрекке жеткізіп айтасыздар», «Мағыналы ән екен», «Жүректен жүрекке жетті, көзіме жас келді, барлық өмірімдегі сынақтар көз алдымнан өтті, рахмет зор», – деп тәнті болды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Meirambek Besbaev (@m_besbaev)28 Янв 2019 в 6:32 PST
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal) 28 Янв 2019 в 6:33 PST