|
15.04.2021 | 23:24
6992

Ертеңгі «Таңғы студио» қонақтары – Шадияр Абдуллаев пен Дәурен Серғазин

Бізді «Алматы» телеарнасынан және Almaty.tv сайтынан көріңіз!

Ертеңгі «Таңғы студио» қонақтары – Шадияр Абдуллаев пен Дәурен Серғазин

16 сәуірде сағат 09.00-де «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы студио» ақпараттық-ойын-сауық бағдарламасының қонақтарымен таныс болыңыздар:

Бірінші қонағымыз – Тәуекел Муслиммен және қазақстандық кино, эстрада жұлдыздарымен бірге бірқатар драма, экшн және телехикаяларда кейіпкерлерді сомдаған актер, Қызылорда өңірінің тумасы –  Шадияр Абдуллаев. Актерлік – оның тек әуестенетін хоббиі ғана, Шадиярдың айтуынша, негізгі қызмет түрі – құрылыс бизнесі.

Жас актер өзін сынап көрген фильмдердің саны айтарлықтай қомақты, мысалы: «Загадай желание», «Бөрі», «Жұмбақ Қыз», «Замандастар», «Не Такие» фильмдері. Сонымен қатар  көпшілік көрермен Шадиярды «Арман. Когда ангелы спят» атты Қайрат Нұртастың фильміндегі Жако ретінде жақсы таниды. Оның арманы – Голливудты бағындыру.

Ал келесі қонағымыз – жан-жақты таныстыруды қажет етпейтін Дәурен Серғазин. Тек айта кететін жайт, Дәурен – Қарағанды облысы Теміртау қаласының тумасы. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актерлік шеберлік» факультетін тәмамдаған. Сонымен бірге «Қымызханада» да, «Жастар» театрында да бағын сынап көрген актер. Барша жұрт біле бермейтін бір факт – Дәурен біраз театрлық қойылымдардың режиссері, 10-нан астам фильм мен телехикаяларда ойнаған, 20-дан астам театрлық бейнені сомдаған өнерлі жас. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. Дәуреннің басты фильмі – «Мың бала», ал оны әйгілі еткен телехикая –  «Қара шаңырақ».

Құрметті көрермен! 16 сәуір күні сағат 09.00-де «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы студио» ақпараттық ойын-сауық бағдарламасынан көз жазып қалмаңыз!

Бізді «Алматы» телеарнасынан және Almaty.tv сайтынан көріңіз!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

қонақтар
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир