Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын: Алматыда дәстүрлі жыр онкүндігі өтіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл мұзбалақ ақынның дүниеге келгеніне 93 жыл толады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын». Осылай деген қазақ поэзиясының «Хантәңірі» атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Алматыдағы №108 мектепте дәстүрлі жыр онкүндігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында білім ордасында әдеби-сазды кеш пен шығармашылық байқау ұйымдастырылған. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып жарысып, қойылым қойып, белгілі тұлғалармен кездесуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, биыл мұзбалақ ақынның дүниеге келгеніне 93 жыл толады.

– Біздің негізгі мақсатымыз – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың отты жырлары арқылы жастардың, шәкірттердің бойындағы ұлттық рухты ояту және қазақ тілінің мәртебесін арттыру, – деді мектеп директоры Руфинат Әлдіғазы.

– Ақпан Мұқағалидың айы болып кеткеніне талай жыл болды. Бұл – жеке бір әлем. Мұқағали әлі зерттелген жоқ. Білім саласына Абай, Ыбырайды қалай қоссақ,  Мұқағалиды да солай дәріптеуіміз керек, – деді мұқағалитанушы Шаяхмет Имашұлы.

Оқи отырыңыз: «Ұлы дала жорығы» жобасы халықаралық деңгейге шығуда

Новости партнеров