Биылғы кинофестиваль 4 күнге созылады
Алматыда 11 сәуірде француз кинофестивалі басталады. 4 күнге жалғасатын мәдени күндердің аясында қазақ көрермендеріне Францияның ең үздік туындылары ұсынылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осымен 10-шы рет өткелі отырған кино күндері аясында «Сирано. Тұсаукесерге дейін үлгеру», «Аманданың жаңа өмірі» атты мелодрама, «Нәзік заң өкілі» атты комедия, «Казанованың соңғы махабатты» сынды өзге де көптеген драмалық туындылар көрсетіледі. Алматылықтар мен қала қонақтары көрсетілімдерді «Арман» кинотеатрынан тамашалай алады.
«Қазақстанның кино нарығы әлі Ресей нарығына, Ресейдің сатып алушыларына тәуелді. Сондықтан, бізге француз киноларын мұнда еркін әкелу қиын. Өкінішке қарай, осы жылы француз кинофестивалінің соңғы көрсетілімі болуы мүмкін. Болмаса басқа жолдардын қарастыруымыз керек. Бұл жолы кинода басты рөлдерді сомдаған әртістер болмайды. Киноны көру – ақылы», - дейді «UNIFRANCE» кинокомпаниясының вице-президенті Жоэль ШАПРОН.