Қызметкер ақша сұрағаны үшін қатаң сөгіс алған
Атырауда С. Мұқашев атындағы политехникалық колледждің қызметкері грант алуға көмектесемін деп 300 мың теңге сұраған, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Бұл ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұйымдастырған тексеріс кезінде анықталған.
Қызметкер ақша сұрағаны үшін қатаң сөгіс алған.
Сонымен қатар, қаладағы студенттік жатақханаларда бөгде адамдардың тұрып жатқаны, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалмағаны белгілі болды.