|
11.04.2024 | 17:54
206

Марғұлан мұрасы – ұлт қазынасы: Алматыда ғалымның ғылыми зерттеулері көпшілікке таныстырылды

Іс-шараға онымен қызметтес болған әріптестері және тарих ғылымдарының кандидаттары қатысты

Марғұлан мұрасы – ұлт қазынасы: Алматыда ғалымның ғылыми зерттеулері көпшілікке таныстырылды Almaty.tv

«Марғұлан мұрасы – ұлт қазынасы». Алматыда өнертанушы академик Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай жиын өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғалымның археологияға қосқан үлесі, терең ғылыми зерттеулері көпшілікке таныстырылды. Іс-шараға онымен қызметтес болған әріптестері және тарих ғылымдарының кандидаттары қатысты. Археология ғылымының атасы атанған Әлкей Марғұлан қаламынан тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты 10-нан аса кітап, 300-ден астам ғылыми зерттеу, жүзден астам энциклопедиялық мақала жарық көрген. Еңбектері бүгінде оқулықтар мен ғылыми жұмыстарға қолданылып жүр. Дөңгелек үстелге қатысушылар «ол кісінің білімінің тереңдігіне және еңбекқорлығына үнемі қайран қалатынбыз» дейді.

– Халықтың ауыз әдебиеті, фольклоры, этнографиясын меңгерген. Еңбекқоролығына куә болдым, – деді Ә. Марғұланның шәкірті Жолдасбек Құрманқұлов.

Оқи отырыңыз: Елімізде болашақ ғалымдарға қандай мүмкіндік қарастырылған

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир