Конкурс нәтижесі 22 қыркүйекте белгілі болады
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсының ашылу салтанаты өтеді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығамыз деген 19 үміткер сайысқа түспек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қатысушылар «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің сүйемелдеуімен музыкалық шығармаларды орындайды. Байқаудың басты мақсаты – талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау.
Айта кетейік, жүлде қоры – 5 млн теңге. Конкурс нәтижесі 22 қыркүйекте белгілі болады. Жеңімпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді.
– Біз конкурстан бөлек іс-шара жоспарлап отырмыз. Әкемнің ескерткішіне гүл қою рәсімін өткізіп, байқауға қатысушыларды өзі тұрған музей-үйіне апарамыз. Ал сайыс екі кезеңнен тұрады. Оған 18-35 жас аралығындағы дирижерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Конкурсқа қатысуға 25 өтінім келіп түсті, – деді Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің бас дирижері Дінзухра Тілендиева.
Оқи отырыңыз: Жаңа маусым: «Алматы» телеарнасы «727» телехикаясының тұсауын кеспек