Жаңа маусым: «Алматы» телеарнасында «727» телехикаясы көрерменге жол тартты

Almaty.tv
Almaty.tv
Телехикая дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:00-де көрсетіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 25 қыркүйекте «Алматы» телеарнасында жаңа телесериал көрерменге жол тартты. Мелодрама және комедия жанрындағы телесериал «727» деп аталады.


Телехикаяда жастардың бүгінгі келбеті көрсетіледі. Алматыда тұратын қарапайым отбасының басынан өткен оқиға баяндалады.

Сериал барысында көрермен отбасындағы қарым-қатынастың, татулықтың маңызын ұғады. Сондай-ақ қаржылай сауатын ашады.

Әр бөлім 30 минуттан тұрады. Ал 10 серияны түсіруге 1 ай уақыт кетті.

Телехикая дүйсенбі-жұма аралығында сағат 21:00-де «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі.

Новости партнеров