"Күй төресі Қазанғап" атты монографиялық еңбектің тұсаукесері өтеді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен
Тұсаукесерге халық күйшілері қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

01 ақпанда Алматы қаласында "Күй төресі Қазанғап" атты монографиялық еңбегінің тұсаукесері өтеді. Ұйымдастырушылар – Абдулхамит және Сайра Райымбергеновтер, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұсаукесерге халық күйшісі Жұмабай Жансүгіров, техника ғылымдарының кандидаты, халық күйшісі Алтынбек Үмбетов, күйші Асылбек Кенегесов, халық күйшісі Рүстембек Сейітов, халықаралық және республикалық сайыстардың жүлдегері Жайлау Асылханов қатысады.

"Жинақ архивтік және 1962-2021 жылдар аралығында фольклор экспедиция кезінде түсірілген құнды фото-суреттермен (600-жақын) безендірілген", – деді Райымбергеновтер.

Cонымен қатар, жинақта Қазанғаптың дәстүрлі күйшілік мектебінің XIX-XX ғасыр аралығындағы төрт ұрпаққа созылған 74 шәкіртінің өмірбаянымен қоса олардың Қазанғап мұрасын тарихта қалдыруға сіңірген еңбектері жайлы баяндалады.

"Алғаш рет кітапта Қазанғап бабамыздың шығармалары (79-күйі) және оның күйлерін жеткізген тікелей шәкірттерінің бұрын соңды жарық көрмеген аса құнды үн-таспалары мен бейне көріністері (120-дан астам фильмдер) QR-код арқылы беріледі. Қазақтың өнертану ғылымында халық композиторларына арналған мұндай еңбек интерактивті кітап ретінде елімізде алғаш жарияланып отыр. Жинақ 3-томнан тұрады. "Күй төресі Қазанғап", "Властитель кюев Казангап" (орысша)  және "Қазанғап. Күйлер" (ноталары)", – деді ұйымдастырушылар.

Новости партнеров