Алматыда әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды
«Балалар әдебиетінің бағбаны» Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Біртуар жазушының айтулы мерейтойына орай орталық балалар кітапханасында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Онда ақын-жазушылар мен профессорлар бір ортада бас қосып, тың туындыларымен халық көңілінде сақталған қаламгер туралы естелігін бөлісті. Көпшілік назарына тұлғаның өмір жолымен ұштастырылып дайындалған кітап көрме-инсталляциясы ұсынылды.
– Бала кезімде Нұрғиса ағаның «өзім өлсем де, атым өлмес» деген сөзін естідім. Бердібек ағаның аты өлген жоқ, – деді актер Нұрлан Санжар.
– Кітаптың тәрбиесі ерекше болады. Менің арманым, әкемнің де арманы шығар деп ойламын, орындалды. Балалар кітапқа көбірек оқыса, қолына кітапты жиірек алса деймін, Бүгінгі іс-шараның маңызы зор деп есептеймін, – деді Б. Соқпақбаевтың қызы Самал Соқпақбаева.
Оқи отырыңыз: Алматы жұртшылығы Мәлік Ғабдуллинді еске алды