Алматы жұртшылығы Мәлік Ғабдуллинді еске алды

Almaty.tv
Almaty.tv
Кездесу сұхбат форматында өрбіді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ руханияты мен әдебиетін кейінгі ұрпаққа ұлықтау жолында даңғыл жол салған Мәлік Ғабдуллинді Алматы жұртшылығы еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тарихи тұлғаның батырлығы бір төбе, ал оның ғалымдық жаңашылдығы, жазушылық қабілеті дәріптелген жиынға профессорлар мен әкімдік өкілдерінен бөлек, Ғабдулиннің қызы да қатысып, естелік айтты. Арда азаматтың балалық шағынан бастап, майдандағы жолы, қоғамдағы қызметі қозғалып, кездесу сұхбат форматында өрбіді.

– 1943 жылы әкем демалыс алып, үйге келді. Мен кішкентаймын, әлі есімде маған Алматының апортын берді. Сол кезде әкемді де, апортты да алғаш көрдім. Бүгін  іс-шараға қатысып, жүрек түбінде жатқан қаншама естелікті ойға алдым. Әкемді сағынамын. Елі құрметтеген, сұлу да сымбатты, нар тұлғалы азаматтың қызы болғаным – мен үшін мақтаныш! – деді М. Ғабдуллиннің Қызы Майдан Ғабдуллина.

– Факультетте оқып жүрген кезде Мәлік ағамыз қазақ халық ауыз әдебиетінен сабақ берді. Адамгершілік тұрғысынан, ғалым, азамат ретінде өнеге алдым. Менің өзімнің ойым, халқына перзент болу – Мәлік ағаның өнегесі! – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Қамзин.

Оқи отырыңыз: Құлагер: жазушыларға арналаған байқау басталды

Новости партнеров