|
31.12.2019 | 18:14
2305

Алматы қуыршақ театры кішкентай көрермендерге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды

Қорқуды білмейтін Джокер, аңқау миньондар, білгіш фиксиктер бүлдіршіндерді өз өнерімен таң қалдырды

Алматы қуыршақ театры кішкентай көрермендерге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды

Құпияға толы ғажайып - 2020 жыл. Осындай атпен Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры шаһардың кішкентай  тұрғындары мен қонақтарына арнап жаңа жылдық думанды шоу бағдарламасын ұсынуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таптырмас таңғажайып Жаңа жыл мерекесі бүлдіршіндер көңілін шартарапқа самғатты. Бұған қоса балаларға ертегі әлемінің кейіпкерлері де  мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Жаңа жылдық мерекеде ертегіші кейіпкерімін. Бұл кейіпкер балаларға ертегі айту арқылы жақсылыққа және әрдайым керемет жақсы нәрселерді үйретуге көмек береді. Барша қазақстандықтарға, отандастарға құтты болсын деймін. Жаңа жыл жаңа белестермен бәрімізді қуанта берсін», – дейді Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі Мейірхан БАТЫРХАНОВ,

Түрлі танымдық ойындармен қоса аяушылық пен қорқынышты білмейтін Джокер, аңқау миньондар, білгіш фиксиктер бүлдіршіндерді өз өнерімен таң қалдырды. Қойылымның қызықты оқиғалары балаларды ертегі әлеміне сапар шеккізіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

«Маған Аяз ата мен Ақшақар ұнап жатыр. Олар шыршаны жақты. Бізге ойындар ойнатты. Жаңа жылмен барлықтарыңызды құттықтаймыз. Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!» – дейді Нұрдәулет ЕРЛАНҰЛЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Жаңа жыл
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир