|
01.03.2024 | 18:35
320

Болатбек Төлепбергеннің халықаралық ғылыми конференциясы өтті

Іс-шара аясында жазушы 3 жаңа туындысының тұсауын кесті

Болатбек Төлепбергеннің халықаралық ғылыми конференциясы өтті Almaty.tv

Бүгін белгілі журналист, мәдениет қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы Болатбек Төлепбергеннің 50 жас мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тұрақты даму мақсаттары аясындағы журналистика және баспа ісі: дәстүр мен жаңашылдық» атты кешке зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ шетелдік ғалымдар қатысты. Іс-шара аясында жазушы 3 жаңа туындысының тұсауын кесті.

«Халықаралық конференция болған соң шетелден де үлкен ғалымдар қатысып отыр. Олар Zoom платформасында өздерінің ойын, пікірін айтады. Бүгін түркітілдес халықтардың ынтымақтастығы, ақпараттық бірлік мәселелері деген сияқты тақырып қозғалады деген ойдамыз», – деді ҚР мәдениет қайраткері Болатбек Төлепберген.

Оқи отырыңыз: Алматы балабақшасында балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жасанды қала салынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир