Биыл Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толды

13.12.2022 23:17

Алматыда әдеби-сазды еске алу кеші өтті

Almaty.tv

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматыда әдеби-сазды еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ ұлттық драма театрында өткен іс-шараға зиялы қауым өкілдерімен қатар қалың көпшілік жиналды. Көрермен қаламгердің шығармаларынан, махаббат жырларынан алынған өлеңдерді тыңдап, қойылымды тамашалады.

«Биыл әкемнің 100 жылдығына орай көптеген іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Білім мен мәдениет ошақтарынта түрлі конкурс, конференциялар өтті. Ол үшін ризамыз. Сондай-ақ Әзілхан Нұршайықовтың биыл 4 кітабы қайта жарық көрді»,– деді Ә. Нұршайықовтың қызы Жанат Нұршайықова.