Үкіметтен зейнетақы алатын Серікбол Сайлаубек әрең күн көріп жүргенін айтты

Zakon.kz
Zakon.kz
Мен мемлекеттің зейнетақысымен өмір сүріп жатырмын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Серікбол Сайлаубектің мемлекеттен қолдау болса деген тілегі бар, деп хабарлайды sn.kz.

«Мемлекет бізге салық төлетпес бұрын жағдайымызды жасасын», - деді әнші.

Серікбол Сайлаубек бір көзі көрмейді. Сол үшін мемлекеттен зейнетақы да алады екен.

«Мен мемлекеттің зейнетақысымен өмір сүріп жатырмын. Салық төлемеймін. 4 баламның жағдайын жасаймын деп әлек болып жүрмін», -  дейді ол.

Сондай-ақ әнші әлі күнге дейін пәтер жалдап тұратын да айтты. Тіпті, бір кездері алаяққа алданып, көлігінен де айрылып қалған көрінеді. 


«Әншілерге «салық саламыз» деп бас қатырғанша, ол уақытты басқа мәселені шешуге арнасын. Не қылады?! Біз өзіміз әзер қалт-құлт етіп жүрміз, бір-біріміздің жыртығымызға жамау болып», - дейді Серікбол Сайлаубек.



Новости партнеров