Қазақстандық «Ұлы дала зары» фильмі «Оскар» тізіміне өтпей қалды

10.02.2021 23:27

«Оскар» сыйлығын алу үшін жыл сайын кинорежиссерлер америкалық кино академиясына жаңа туындысын жібереді

Америкалық Кинематография өнері және ғылым академиясы «Оскар» сыйлығына үміткерлер тізімін жариялады. Қазақстандық «шет тіліндегі үздік фильм» номинациясында ұсынылған «Ұлы дала зары» фильмі кинопремия тізіміне кірмей қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Оскар» сыйлығын алу үшін жыл сайын кинорежиссерлер америкалық киноакадемиясына жаңа жұмыстарын жібереді. Бірнеше ай бойы сарапшылар барлық фильмді қарап, олардың ішінен тек 15-ін таңдап алады. Таңдалған туындылар «Оскар» сыйлығына үміткер туындылар тізіміне кіреді. Өкінішке қарай, ол тізімге «Ұлы дала зары» фильмі өтпей қалды.

«Ұлы дала зары» фильмі өткен ғасырдың 20–30 жылдары большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан аштан қырылған қазақ халқын көрсетеді. Аштық жылдары 1,5 миллионнан астам адам басқа елге қашып, ал 8,5 миллионға жуық адам қырылып қалған. Фильмнің режиссері – Марина Кунарова, продюсері – Ернар Мәліков.