Қазақстан туралы үздік роман жазған жазушы анықталды

05.07.2022 23:37

Mecenat.kz байқауының жеңімпазы – «Күлпет» романын жазған жазушы, журналист Шархан Қазығұлов

Almaty.tv

Қазақстан туралы үздік роман жазған жазушы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған әдеби сыйлықтың иегері енді өмір бойы ай сайын 500 доллар сыйақы алып отырады. Mecenat.kz байқауының жеңімпазы –  «Күлпет» романын жазған жазушы, журналист Шархан Қазығұлов. Туынды конкурста көпшіліктің дауысымен үздік деп танылды. Автордың өзі алдағы уақытта роман орыс тіліне аударылатынын айтты. Айта кетейік, биыл аталмыш жобаға 67 роман ұсынылыпты. Ал дауыс беруге 21 шығарма жіберілген.

«Меценат.кз жобасы өткізген әдеби конкурс Қазақтан жазушыларына жасалған қамқорлық деп ойлаймын. Менің жеңіске жеткенім маңызды емес. Жыл сайын дәстүрлі түрлк өткізілсе Қазақстанда роман жанрын дамытуға үлкен мүмкіндік болар еді», – деді жазушы Шархан Қазығұлов.

«Мецант.кз деген жоба пайда болды. Қазақстанда тұңғыш рет бірегей жоба іске асты. Себебі бұл жердегі негізгі мақсат – қаламгерді тұрмыстық- әлеуметтік мәселеден құтқару. Жазушы жұмыс істемейді, белгілі компания ақша төлейді. Ал ол тек шығармашылықпен айналысады», – деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек.