Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның әлемде баламасы жоқ
Жасанды интеллект театр өнеріне де жетті. Алматыда заманауи әдебиет әлемі мен технологияны ұштастырған жаңа жоба іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда қазақстандық авторлардың туындылары мен жасанды интеллект арқылы жазылған шығармалар оқылады. Ал тыңдаушылар сол мәтіндердің авторын табуы тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның әлемде баламасы жоқ.
– Бүгін алғашқы қойылым сахналанады. 30 шақты көрермен күтіп отырмыз. Болашақта кем дегенде 100 адамды қамти алатын шоу жасағымыз келеді. Оны тамызда жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ гастрольдік сапарларға шығу да ойда бар, – деді жоба ұйымдастырушысы Адиль Соло.
Оқи отырыңыз: Тілдер саябағы: алматылықтар шет тілін тегін үйрене алады