М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының 95-жылдығы тойланды

М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының 95-жылдығы тойланды
Мерекелік шараға мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, театр ұжымын жаңа мәртебемен құттықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының 95-жылдығы тойланды. Мерекелік шараға мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, театр ұжымын жаңа мәртебемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұлттық» мәртебесін иеленген мәдени ошақтың мамандары да назардан тыс қалған жоқ. Театр ұжымына министрлік пен әкімдік тарапынан алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілер табыс етілді.

«Әрине, бұл үлкен мәртебе ең алдыменен. Әртүрлі шараларда, мемлекеттік шараларда «Ұлттық» мәртебесі бар шығармашылық орталықтар ең алдымен сахна төрінде болады», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Театрдың 95 жылдығы мен «Ұлттық» мәртебе алуына орай ұйымдастырылған шараның соңы мерекелік концертке ұласты. Сондай-ақ, осынау қуанышқа байланысты «Абайдың жұмбағы» драмасы көрсетілмек. Алматының тамырына байланып, тағдырына айналған театр қаланың ғана емес, ұлттың, мемлекеттің мақтанышы, дейді қоғам қайраткерлері.

«Мұның өзіндік тәсілін тауып, өзіндік мәнін тауып, өзіндік өнер дүниесіне айналдырып сахнаға шығару ол бізге қазір қосымша күшті талап етеді. Сондықтан бұл үлкен ізденісті талап етеді. Сондықтан бұл мақтанатын ғана емес, уайымдап, ойланатын да шара деп ойлаймын», – деді М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек.

Новости партнеров