Медеуде өтіп жатқан мереке 3 күнге созылады
Қазақстанның ең ауқымды жобасы «Азия дауысы» 20 жылдан кейін қайта жаңғырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін отанымызды төрткіл дүниеге әйгілі етіп, елдер арасындағы татулықтың символы, талай өнерпаздың шығармашылық жолына бастау болған мега фестиваль басталды. Медеуде өтіп жатқан мереке 3 күнге созылып, сағынған көрерменді қуантпақ. Концерттің алғашқы күнінде-ақ жауын-шашынға қарамастан тарихи сәттің куәсі болуға келгендер көп. Бүгін сахнада отандық әншілеріміз өнер көрсетсе, алдағы күндері шетелдің танымал әртістері де келмек.
Айта кетсек, фестиваль аяқталғанша, кешке баратындарды тасуға қала әкімдігі 55 автобус ұйымдастырып отыр.