|
28.07.2023 | 15:30
3388

Азия Дауысы: қалада қосымша 55 автобус тегін қатынайды

«Медеу» спорт кешенінің жанында 30 автобус тұрады

Азия Дауысы: қалада қосымша 55 автобус тегін қатынайды arnapress.kz

«Азия Дауысы» музыкалық фестивальдің 28, 29 және 30 шілдеде өтуіне байланысты қала әкімдігі оған барушылар үшін тегін жүретін қосымша 55 автобус ұйымдастырады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында келушілерді «Медеу» спорт кешенінің жанында 30 автобус күтіп тұратын болады. Тағы 25 автобус іс-шара қонақтарын Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы Байтұрсынов көшесі бойында күтеді.

Автобустар келушілердің толуына орай сағат 15.00-ден 00.00-ге дейін жүреді. Кері бағытта автобустар фестиваль аяқталғаннан кейін жүретін болады.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына ыңғайлы болу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы метрополитені фестиваль күндері сағат 01:00-ге дейін жұмыс істеді.

Бұл ретте, №12 бағыттың көлігі штаттық режимде жұмысын жалғастыратын болады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі «Автотрансгаз» ЖШС-нің барлық бағытын басқа тасымалдаушыларға берді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир