Ғасырлар үні: Болат Құсайыновтың шығармашылық көрмесі ашылды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараға жиналған жұрттың қарасы көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Болат Құсайыновтың шығармашылық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық бейнелеу өнеріне сүбелі үлес қосқан шебердің жұмыстары Қазақстанның көп қаласында қойылған. Олар отандық, тіпті шетелдік коллекционерлердің топтамаларына енген. Ал бүгінгі көрме өзгелерден ерекше.

– 1987 жылы Таңсықбаев атындағы колледжді бітіргем. Ол кезде АХУ деп аталатын еді. Отыз жылдық еңбегімді еліме көрсетсем деген оймен бүгін осында келдім, – деді мүсінші, халықаралық «Тұран» сыйлығының иегері Болат Құсайынов.

Іс-шараға жиналған жұрттың қарасы көп. Олар ақжарма тілегін айтып, туындыларды тамашалады. Әріптестері де адамға ой салар қолтаңбасы айқын мүсіншінің әр жұмысын жоғары бағалады.

– Болат – тәуелсіздік тұсында шығармашылығын дамытқан адам. Тәуелсіздік рухын сезген жастар – қазіргі қазақ өнерінің негізгі ядросы. Болаттың  Ақтамбердінің жырлары сияқты эпикалық құлашқа бейім, эмоцияға, темпераментке негізделген туындысы көп, – деді профессор, философия ғылымдарының кандидаты Жанарбек Берістен.

Новости партнеров