|
09.12.2022 | 19:04
1257

«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым: Дінмұхаммед Қонаевтың есімі Алматыда ұлықталды

Өр тұлғаның құрметіне арналып шаһар төрінде концерт ұйымдастырылды

«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым: Дінмұхаммед Қонаевтың есімі Алматыда ұлықталды Almaty.tv

«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Панам да ел, данам да ел». Осы сөзімен, халқына адалдығымен ұлт мақтанышына айналған мемлекет қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың есімі Алматыда ұлықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өр тұлғаның құрметіне арналып шаһар төрінде концерт ұйымдастырылды. Мерекелік кеште көрермен назарына Дінмұхаммед Ахметұлының өмірінен сыр шертетін қойылымдар ұсынылып, оның сүйіп тыңдаған әндері мен әуендері көпшілікке тарту етілді. Өскелең ұрпаққа қоғам қайраткерінің еңбек жолын дәріптеп, үлгі ету – іс-шараның негізгі мақсаты.

«Мен Дінмұхаммед Ахметұлын көзі тірісінде жақын танитын едім. Алайда жақында ғана ол кісінің музыканы қалай сүйгенін, фонотекасы көп екенін білдім. Кейін арнайы барып, пластинкалары мен магниттік альбомдарын, кассеталарын көріп, тыңдап шықтым. Талғамы әр түрлі болған екен. Осы концертте жас әртістеріміздің Дінмұхаммед атамыздың сүйікті әндері мен әуендерін көпшілікке жеткізіп, сол заманға саяхат жасауға мүмкіндік бергені қуантады», – деді кәсіпкер, концерт ұйымдастырушысы Арманжан Байтасов.  

Мерекелік кешті тамашалауға Дінмұхаммед Қонаевтың жақындары мен туыстары, қызметтес болған әріптестері, сондай-ақ қала халқы жиылды. Концерт аясында музей қызметкерлері келушілерге арнайы көрме ұйымдастырды. Онда қоғам қайраткеріне тиесілі 30-ға жуық музыкалық пластинка, отбасымен және қызмет бабымен түскен 25-ке жуық естелік суреті қойылды.

«Бүгінгі көрмемізге біздер фотолар мен сол уақыттағы пластинкаларды алып келдік. Өте қызықты пластинкалар. Мысалы Майкл Джексон бар, «Құрманғазы» оркестрінің бірнеше пластинкасы бар. Клавдия Шульженко, Лев Лещенко мен Петр Лещенколардың 29 пластинкасы бар, таңдап алып келдік. Сондай-ақ 25 фото алып келдік», – деді Д. А. Қонаев атындағы музейдің жетекшісі Елена Құбашева.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир