Алматыда «Мирас болған мұра» атты кеш өтті

13.01.2024 00:05

Биыл қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды

Almaty.tv

Биыл қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, ұлы қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды. Осыған орай Алматыдағы № 141жалпы білім беретін мектепте «Мирас болған мұра» атты салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты өнерге баулып, талайды озған талантты жас буын өкілдерін қалыптастыру.

– Іс-шараның мақсаты – оқушыларды шығармашылыққа баулу және эстетикалық тәрбиені толық түсіну, мағынасын білу, – деді№ 141 ЖББ мектептің директоры Балжан Үмбетова.

– Өнермен тәрбиленген бала сұлулыққа, айналасы мен дүниені, өзін-өзі тануға жол ашады. Әрбір ұлт дәстүрімен ерекшеленетінін жақсы білеміз. Сондықтан да жасөспірімдерді тәрбиелеуде өнерге тәрбиелеу өте маңызды, – деді ҚР Мәдениет қайраткері Майра Нұрке.

Оқи отырыңыз: Түркістанда базарлардан кітапхана ашу жобасы қолға алынды