Халық ауыз әдебиетінің негізінде құрастырылған қойылым қазақ ән-би өнері мен бабалар тарихын дәріптейді
«Алатау» дәстүрлі өнер театры балалар жылының алғашқы премьерасын «Әгугәй мен Игигәй» музыкалық ертегісімен бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Халық ауыз әдебиетінің негізінде құрастырылған қойылым қазақ ән-би өнері мен бабалар тарихын дәріптейді. Ал тұсауы кесілген су жаңа қойылымның режиссері – актер, сықақшы Нұржан Тұтов.
Айта кетейік, бұған дейін аталған өнер ордасында жас ұрпаққа салт-дәстүрді дәріптейтін «Ғұрып» театралды қойылымы ұсынылған еді.
«Қазақи тәрбиесі бар ертегі ұсынып отырмыз. Бүгінде залымыз толы. Ертең де солай болмақ. 2 күндік премьера өткіземіз. Балаларды тәрбиелеу отралықтарына, жалпы ата-аналардың бәріне кеңес беремін. Келіп, балаларымен көріп кетсе, жақсылыққа жамандықпен жауап беруге болмайтынын үйреніп кетсе, «Алатау» дәстүрлі өнер театырының ұжымының үлкен жетістігі болар еді деп ойлаймын», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Заитов.