|
01.12.2022 | 19:06
1378

Алматыда Мағиза Құнапияқызының жыр кеші өтті

Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды

Алматыда Мағиза Құнапияқызының жыр кеші өтті Almaty.tv

Алматыдағы Алатау дәстүрлі өнер театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мағиза Құнапияқызының жыр кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды. Салтанатты жиынға қатысқан танымал ақын-жазушылар Мағиза Құнапияқызының өлеңдері қазақ поэзиясына жаңа тыныс бергенін айтты. Іс-шара барысында ақынның су жаңа кітабының тұсауы кесілді.

«Егер қазақтың әдебиетін бір оркестрге теңесек, соның бір сазды сырнайындай өзінің жеке үні бар ақын. Сондықтан да осындай өз беті, өнері, өлеңі, өрнегі, ерекшелігі бар ақын», – деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

«Бұл кешке көптен бері дайындалып жүргем жалпы. Елу жас дегеніміз бір белес сияқты, адамның өмірі елуге дейін және елуден кейін деп бөлінетін сияқты. Шығармашылықтан да өзім сондай бір жобаға келіп, сондай бір ойда болып, осы уақытқа дейін жазғанымды бір қорытындылайын, не жазып, не қойғанымды халыққа айтайын», – деді ақын Мағиза Құнапияқызы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир