|
13.11.2019 | 21:32
3630

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 млн теңгеден асады

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Сайдың тасындай іріктелген кіл үздіктердің ішінен хас шеберлердің өнерін әлемнің әрқиырынан келген мамандар бағалады. Үрмелі аспаптарда ойнайтын үздіктерді анықтайтын конкурс 6 аталым бойынша өткен. Байқаудың ақтық кезеңі Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өнер жарысында 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар мен жас музыканттар бағын сынады. Үміткерлер флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон сияқты аспаптармен ойнап, әлемдік классикалық туындыларды орындады. 3 турдан тұратын байқаудың жеңімпаздары 6 аталым бойынша және  анықталады. Ақтық турда 5 номинация бойынша 12 музыкант өнер көрсетеді. Финалистерді Германия, Франция, Италия және Ресейден келген танымал өнерпаздар іріктеді.

Әрбір номинацияда 1, 2 және 3-орындарды иеленген өнерпаздарға сыйлықтар, дипломдар және қатысушы дипломы беріліп, «Үздік концертмейстер» анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 млн теңгеден асады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты - үрмелі аспапта ойнау өнеріне көпшілік назарын аударту, ұмыт болған дәстүрлі музыканы насихаттау. Іс-шараны «Батырхан Шүкенов атындағы Қор» «Болат Өтемұратов Қорының» қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Еске сала кетсек, «Батырхан Шүкенов атындағы Қор» қоғамдық қоры 2015 жылы құрылған, 2018 жылдан бастап қорды музыканттың отбасы басқарады.

Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир