Алматыда белгілі суретші Сергей Калмыковтың жерленген жері табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінге дейін оның өмірі туралы деректер дұрыс зерттелмей келген еді. Дүниеден өткеннен кейін де қабірінің қайда екені белгісіз болған көрінеді. Өнер танушылар мен сарапшы мамандардың атсалысуымен ол анықталып, мұрағат тізіміне қосылды. Меценаттар бейіт басын ретке келтіруге қолұшын берген. Осыған орай бүгін Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік музейде суретшінің көрмесі ұйымдастырлды. «Соңғы мекен» деп аталған жоба аясында оның 80-ге жуық туындылары қойылған. Көрме алдағы бір айға дейін жалғасады.
«Ол құпиясы көп суреткер. Қай шығармасы болмасын көпшілік түсіне бермейтін, шешуі қиын өнер туындылары еді. Бүгінде Калмыков орыс авангард өнерінің айтулы өкілдерінің бірі ретінде саналады. Біздің музейде Сергей Калмыковтың туындылары 1967 жылыдан бері сақталып келеді. Суретші шығармаларының басқалардан ерекшелігі – баяу қанықтығы», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Екатерина Резникова.
Суретші 20 ғасыр басында Орынбордан Алматыға көшіп келген. Оның шығармашылық жолы осы алып шаһарда өтті. Сергей Калмыков 1500 астам картиналардың, илюстарциялардың, театр декарациялары мен әдеби жазбалардың авторы.