Ақтауда 8 жастағы қызды азғындамақ болған ер адам ұсталды

Ақтауда 8 жастағы қызды азғындамақ болған ер адам ұсталды
Жаға ұстатарлық жайттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде де тарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда 8 жастағы қызды азғындамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алайда моральдық зәбір көрген оқушының анасы ұсталған адам «жазадан құтылып кетуі мүмкін» деп алаңдайды. Сөзінше, 28 қыркүйекте болған оқиғадан кейін қорғансыз бала шошынғаннан мектепке бармай, тіпті сыртқа шығудан қорқып қалған. Жаға ұстатарлық жайттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде де тарады. Онда белгісіз ер адамның қызды аңдып, кейін денесіне қол тигізген сәті анық көрінеді. Азғындыққа барған күдікті оқиғадан кейін бой тасалап та үлгерген.

«ҚР ҚК 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осы бойынша күдікті тұлға қазіргі уақытта анықталып ұсталды. Қылмыстық іс полиция басқармасының тәжірибелі тергеушісіне тапсырылды», – деді Ақтау қалалық ПБ тергеу бөлімінің бастығы Мақсат Молдабаев.

Новости партнеров