Алматыда жастар арасында айтыс өтті
Almaty.tv
Мақсаты – ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасын насихаттау
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Open air: Құрманғазы». Бұл – Алматыда өтіп жатқан бірегей жоба. Мақсаты – ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасын насихаттау, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоғамдық даму орталығы мұрындық болған жобаның басы айтыспен басталды. Ол 4 бағытта өтті. Қыз бен жігіт айтысы, қалжың айтыс, шоу-айтыс және жұмбақ айтыс. Дәулескер күйшінің мол мұрасын жастар арасында, қала тұрғындары мен қонақтарының арасында дәріптеу үшін іс-шара ашық аспан астында ұйымдастырылған. Ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының алаңында кезекті күй тартыс өтеді.
«Бұл іс-шараның мақсаты – ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі, құнды мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу», – деді жобаның атқарушы продюсері Дастан Өмірзақ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18