|
15.02.2024 | 19:36
456

Балаева: «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдау көрсетіледі

«Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізілгелі жатыр

Балаева: «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдау көрсетіледі Almaty.tv

«Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv

«Кинематография туралы» заңға өзгерістер енгізілгелі жатыр. Бүгін Мәдениет министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында киноның қара шаңырағына айналған студияға ерекше көңіл бөлініп, дамуына баса мән берілетінін жеткізді.

– "Қазақфильм" қатардағы киностудия емес. Бұл – елдің тарихы. Біздің ұлттық киномыздың келешекке деген үкілі үміті. Сондықтанда оны сақтап қана қоймай, қарыштап дамуын қамтамасыз ететін боламыз, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Министр ұлттық фильмдерді мемлекеттік қолдау орталығының құрылғанына 5 жыл болғанын айтып, осы уақыт ішінде 5 питчинг өтіп, 100 фильм түсірілгенін де жеткізді. Бірақ нәтиже көңіл көншітпейді. Енді мемлекеттен қолдау алғысы келетін жоба авторлары «Ұлттық киноны қолдау» орталығына алдымен сценарийлерін жіберуі керек. Ол жақта үздіктерін сараптама кеңесі іріктейді. Ұлттық мүддемізге, идеологиямызға сай келетін басым тақырыптар бекітіліп, жаңа форматта конкурс жарияланады.

– Фильм тақырыптарының біржақтылығын байқауға болады. Ашаршылық, соғыс, нашақорлық тақырыбында фильмдер басым болып тұр. Биылдан бастап мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды конкурстық іріктеу ережесі өзгерді, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Оқи отырыңыз: Алматыда Дидар Амантайдың кітабының тұсауы кесілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир