«Қазбат» көркем фильмі көрерменге жол тартпақ

«Қазбат» көркем фильмі  көрерменге жол тартпақ
Фильм 90-шы жылдары Тәжік-Ауған шекарасында орын алған қанды қақтығыс жайында баяндайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

21 қарашадан бастап қалың көпшілікке ерлік пен Отан қорғау қызметі жайында «Қазбат» көркем фильмі жол тартпақ. Кино идеясын ұсынған - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенанты Руслан Жақсылықов, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

90-шы жылдары Тәжік-Ауған шекарасында орын алған қанды қақтығыс жайында баяндайтын фильмнің түсірілімі Алматы облысының таулы аймақтарында өткен. Оның негізіне Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында, 1995 жылы көктемде бастарынан өткерген шынайы оқиғалар алынған. 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауына түсіп қалады.

«1992 жылдан 2001 жылға дейін 900 415 офицер, сержант, солдат өз міндеттерін атқарды. 1995 жылы мен де капитан шенінде өз міндетімді сол шекарада атқардым. Сол кезде көптеген қақтығыстар болды. Елдің ең шеті, жер шарында есінде қалатын үлкен қақтығыс осы біздің ротамызда болды. Барлық офицерлер, барлық солдаттар өздерінің қалай дайындықта екендігін көрсетті да, ерліктер көрсетті», - деді полковник Ерлан АЛДАНАЗАРОВ.

7 сәуір бұл жай ған дата емес. Бұл осыдан 24 жыл бұрын талай анамен әкені баладан, әпкемен қарындасты бауырдан айырып, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырған қаралы күн. Бұл отпен оқтың арасында жандарын шүберекке түйіп, антына адал болған сарбаздар. Тәжік-ауған шекарасына әскери борышын өтеуге аттанғанда жастары небәрі 18-19 жаста болған.

«7 сәуір күні біздің рота манжахеттардың жоспарланған қарулы қоршауына түсіп қалды. Қақтығыста 17 сарбазымыз қаза тапты. 33 бала жараланды. Сол жараланғандардың бірі – менмін. 3 жерімнен жарақат алдым», - деді старшина Дәурен ЕСПОЛОВ.

«Біз оларды толық санап үлгерген жоқпыз. Олар өйткені жоғарыдан тау бетке жағынан ауған жағынан Пьянжы өзенінің арғы бетінен арасы 250 метр жерден деп кейін белгіледік. Снайперлер атқан жер жоғары жақтан 500-600 метр жерлерден үлкен қарумен граната, үлкен құралдармен атқылады», - деді аға сержант Жұмахан ШАШУБАЕВ.

«Қазбат» кинокартинасы Ұлттық гвардияның және ҚР ІІМ қолдауымен жарыққа шықпақ. Идея авторы – ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов. Фильмде танымал, талантты актерлер Дәурен Серғазин және Ринат Дошибеков, жас актерлер - Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы ойнаған.

«Мен өзім онда 3 айдан астам ғана болдым. Бірінші қақтығыста бізде шығын көп болды. Екінші, үшінші қақтығыста кейін тактикасын біліп алдық. Олардың 1 адамына біздің 4 адам кетті. Командиріміз Алданазаров рахмет. Бізге барлығын үйретті», - деді қатардағы жауынгер Еламан ҮМБЕТОВ.

Сегіз жылға созылған қақтығысқа 10 мыңға жуық қазақстандық қатысқан. Қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған жауға қарсы ұрыста қайтпас қайсарлықтың  ерен үлгісін көрсеткен батырларымыз мәңгі есімізде қалмақ.

Перизат Көмекбайқызы, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров