Онлайн аударымдар тексерілмейді және салық салынбайды

Онлайн аударымдар тексерілмейді және салық салынбайды
Ал, кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - онлайн бақылау-кассалық машиналарын пайдалануға міндеттеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы министрлігі халықтың онлайн аударымдарын тексермейді және ондай аударымдарға салық салынбайды. Аталған ведомство қолма-қол ақшасыз аударымдарға қатысты жұртшылыққа уайымдауға негіз жоқ дейді. Ал, кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - онлайн бақылау-кассалық машиналарын пайдалануға міндеттеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мұнда онлайн кассамен пост терминал біріктірілмекші. Яғни ол жүйе чек береді, карта қабылдайды, салық органдарына есеп береді. Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі өз бизнесінде жедел аударымдар жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің кірістерін әкімшілендіру мәселесін шешіп жатқан көрінеді.

«Кәсіпкерлердің аударымдары туралы айтатын болсақ, бұл жедел түрі қолданысты арттырып бара жатыр ғой. Өйткені ол ыңғайлы болып саналады және комиссия жоқ. Қолайлы болып тұр. Сондықтан өз кәсібінде сондай төлемдерді қолданатын болса, міндетті түрде салық есептерінде көрсетіп және чек беру керек. Қазіргі таңда сол төлемдерді әкімшілендіру бойынша жоспарландырылуда. Бірақ бұл жерде тексеріс туралы ешқандай әңгіме жоқ», - деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаменті директорының міндетін атқарушы Заңғар ШЫНДАЛИ.

Ал қолма-қол аударымдарды кәсібінде пайдаланатын кәсіпкерлер тұтынушыларға түбіртек беруге міндетті. Бұл сатып алушылардың құқығын қорғау үшін маңызды, дейді ведомство өкілі. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патент немесе оңайлатылған декларация секілді арнайы салық режимдерін қолданатын шағын бизнес 3 жылға салық төлеуден және тексерулерден босатылады.

Новости партнеров