Айғыркісі: Несіпбек Дәутайұлының танымал әңгімесі сахналанды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазақстан Жазушылар одағында көрнекті қаламгерді еске алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қазақ әдебиетінің қара шаңырағы - Қазақстан Жазушылар одағында көрнекті қаламгер Несіпбек Дәутайұлының 75 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара аясында дарынды жазушының танымал әңгімесі – «Айғыркісі» сахналанды. Шығарма желісінде қойылған спектакль жеке актерлық құрамда көрсетіліп, жаңа бағыттағы «Қаратөбел» мистикалық - вербатимі болып көпке жол тартты. Айта кетейік, аталған қойылымға әртістер 2 ай бойы дайындалған. Олар бұл көрсетілімді ұстаз алдындағы алғыс, оның шығармашылығына деген құрмет деп санайды.

«Бұл жерде жалпы ұжымдық құрамда 15 адам бар. Негізгі  3 басты кейіпкер», – деді жазушы Ардақ Үсейінова

«Айғыркісі» шығармасы қазаққа қойылған сұрақ қой. Осындай жады тағдыр, адам, жылқы, оның өзі қасиетті, текті түрік деп есептелсе,  адамзаттың тектілігі мен жылқы малының тектілігін іздеуде жақсы негіз бар», – деді жазушы Жұмабай Шаштайұлы

«Айғыркісі» әңгімесі – ескі аңыз-әфсанаға жаңаша мазмұн беретін образ болып туған еді. Жазушылар атауының өзінде сондай бір мифологиямен тайталасқан ұғым барын атап өтті. Әдеби ортада ұлттық идеяның алтын қазығын айналшықтап шықпай қоюымен дараланған туынды бүгін де бөлек сипатта көпке жол тартты. Ал жазушы шығармасының жаңа кейпі әлі де талқыланып, таразыға түсе береді. Айта кетейік, белгілі прозашы Несіпбек Дәутайұлы былтыр тамыз айында өмірден өткен. Ал оның ғұмырында мұра ғып қалдырған бір топ шығармасы бұған дейін «Жол» деген атпен түрік тілінде жарық көрген еді.

«Мархабат Байғұт екеуі қатар жатқан екі облыста әдеби орта жасап отырды. Несіпбек Дәутайұлының ерекшелігі – сөзі өтімді, қоғамда сөзін тыңата алатын, әдеби ортада да ықпалды жазушы», – деді жазушы Жүсіпбек Қорғасбек.

Новости партнеров