Тоқаев: Шығармашылық ортаның жұмысы да бүгінгі заман талабына сай болуы керек

Ақорда
Ақорда
Президент Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы бүгін Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде қалам ұстаған қауымның қоғамдағы рөлі жайлы сөз қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаев одақ мүшелерінің ұлттық құндылықты дәріптейтін орта екенін айтты. Сонымен қатар бүгінгі оқырманның талғамы басқа екенін тілге тиек етіп, «шығармашылық ортаның жұмысы да бүгінгі заман талабына сай болуы керек» деген пікір айтты. Жас ақын-жазушылардың да еңбегіне ерекше назар аудару қажет. Ал Мереке Құлкенов ел Президентіне Жазушылар одағы мүшелерінің ұсынысын жеткізді.

– Мәдени заң қабылданған. Сол заңда қазақ әдебиеті туралы әңгіме аздау. «Қазақ жазушылары баспа, насихат және таралым» туралы заңға өзгеріс енгізсек деген ұсыныс айттым, – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов.

Президент Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады. Мемлекеттік ұйымның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа академияның қызметі мен жоспары жөнінде есеп берді. Сонымен қатар ғылым саласындағы келелі мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылым академиясы отандық ғылымды дамытуда негізгі рөл атқаруы тиіс», - деді.

– Бүгінде біз Қазақстан Республикасы ғылым және технология саясаты бойынша жаңа заңнама туралы негізгі бағыттарын қарап, оған қажетті ұсыныс бердік, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья.

Оқи отырыңыз: Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты

Новости партнеров