|
06.09.2022 | 20:15
884

Алматы тарихы музейіне 20 жыл толды

Темір дәуірінде қолданылған құнды жәдігерлері көрмеге қойылды

Алматы тарихы музейіне 20 жыл толды Almaty.tv

Биыл әсем шаһардың беткеұстар Алматы тарихы музейіне 20 жыл толды. Мерейтойға орай мұражайда қаланың біздің заманымызға дейін ерте ғасырларда қолданылған құнды жәдігерлері көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, орта ғасырларда Алматы Ұлы Жібек жолы бойындағы бай дамыған өркениетті қала болды. Көрмеде оның дәлелі болатын күміс дирхемдер қойылды. Оны археологтар қаладағы шекарашылар академиясы орналасқан көне қалашықтан тапқан. Оған қоса, шарада Алматы музейі қорындағы 3 мың жыл бұрын табылған артефактілер ұсынылды. Келем деушілер үшін көрме 12 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Музейде қойылған жәдігерлер негізінен алғанда қола дәуірінен ерте темір дәуірінен смақ-скиф, әсіресе, үйсіндердің материалдары керемет. Үйсіндердің үлкен қазаңдары. Музей ғалымдарының таңдап өте бір ғылыми, эстетикалық талғаммен қойылған дүниелер. Мұны қала жұртшылығы, қонақтары көреді», – деді археолог, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Әбдеш Төлеубаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир