Әкем театрда «Пері қатын» драмасы қойылды

01.07.2021 02:50

Отбасылық құндылықтар мен адами әлеуеттен сыр шертетін спектакль ситуациялық жағдайларға негізделіп отыр

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры 95-маусымның шымылдығын «Пері қатын» драмасымен жапты. Шығарма Брехтің «Есірген шешей және оның балалары» пьесасының желісімен қойылған, деп хабарлайды Almaty.tv

Отбасылық құндылықтар мен адами әлеуеттен сыр шертетін спектакль ситуациялық жағдайларға негізделіп отыр. Дәуірмен шектелмеген шартты әлем туралы қойылымға келген көрермен де көп болды. 

«Спектакль халық үшін қойылғандықтан, мұнда бір отбасының тарихы баяндалады. Жалпы бұл жерде тағдырдың қақтығысы мен отбасылық құндылықтар жайлы айтылады», – деді режиссер Елік Нұрсұлтан.