Танымал өнер жұлдыздары әйелдерді мерекесімен құттықтады

Танымал өнер жұлдыздары әйелдерді мерекесімен құттықтады
Белгілі әншілер тіршіліктің көркін келтіретін аруларға бар игі тілегін жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің танымал тұлғалары, өнер жұлдыздары әйелдерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма лебізін айтты. Олар айналаға әр беретін, тіршіліктің көркін келтіретін арулардың рөліне тоқталып, бар игі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Әйел затына арнап ақындар өлең жазады, сазгерлер ән шығарады. Ал әрбір ер азамат өзінің шыққан биігін тек әйел затына дәлелдеу үшін жасайды. Сондықтан өмірдің шырағы, отбасының ұйытқысы болып отырған аруларымыз ортамызды күндей жайнап, гүлдей құлпырып, аяулы да ардақты болып жүре берсін!» - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділман.

«Қаһарлы суық күндер артта қалып, бәле-жала, үрей-қорқыныш, жамандықтың бәрін артқа тастап, келе жатқан Наурыз отбасымызға, елімізге ынтымақ, ауызбіршілік,бейбітшілік алып келсін!» - деді әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков.

«Құрметті аналар, құрметті әпкелер, құрметті қарындастар! Сіздерді шын жүректен келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер, аналар күнімен құттықтаймын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, әрдайым құлпырып, жайнап жүре беріңіздер!» - деді әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бүркіт.

«Аналарымыз бір қолымен әлемді тербетсе, бір қолымен бесікті тербеткен. Олай болса, айтулы мереке, жыл сайын болатын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымыз аман болсын!» - деді әнші Асхат Тарғын.

Новости партнеров