Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша қайырымдылық акциясы басталды
Almaty.tv
Сәуір айында еліміздің 7 қаласында тегін медициналық тексеру жұмыстары басталмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Назарға алынған басты мәселе – әйелдердің денсаулығы мен әл-ауқатын сақтаудың кешенді тәсілін қарастыру. Қайырымдылық акциясы аясында сәуір айында еліміздің 7 қаласында тегін медициналық тексеру жұмыстары басталмақ. Бұл – жылына екі рет өткізілетін шара дейді ұйымдастырушылар.
«Елімізде жылына 3500-ге жуық әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады. Оны болдырмау үшін біздің компания жылына екі рет әйелдерге тегін тексеру ұйымдастырып, сүт безі ісігінің алдын алу шараларын қарастырады», - деді маммолог-дәрігер Шынар Талаева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 09:08
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
10.10.2026 15:10