Алматыда «Зер-ғұмыр» көрмесі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Айжан Абдубаит – санаулы ғұмырын ұлттық өнерді зерттеуге арнаған жалғыз қолөнерші
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Aйжан Абдубаит» зерлеу және қолданбалы өнер авторлық үйінің 30 жылдық мерейтойына арналған «Зер-ғұмыр» көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтын жіппен зерделеп тігуді қайта жаңғыртып, мәдени мұраны насихаттап жүрген дизайнер – санаулы ғұмырын ұлттық өнерді зерттеуге арнаған жалғыз қолөнерші. Шебер тарихи мұраларды зерлеудің барлық технологиясы мен композициялық талаптарын сақтай отырып, қайта жаңғыртады.

– Отыз жылдық деп атап өту керек, себебі бұл – үнсіз өнер ғой, тұнып тұрған поэзия, музыка. Сондықтан Алланың, халқымның алдында есеп беру іш-шарасын өткізіп жатырмын, – деді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Айжан Абдубаит.  

– Үстімдегі образ  XVII-XVIII ғасырдан бері сақталып келе жатқан, ата-бабадан қалған киім. Бұл жердегі ою-өрнек сақталып, тігілген, – деді «Зерлеу» алтын тігіс авторлық үйінің моделі Эльмира Тұрарова.

Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті

Новости партнеров