|
16.10.2023 | 15:45
793

Республика күні: Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті

Қонақтар қолөнер шеберлері дайындаған тұрмыстық бұйымдар көрмесін тамашалады

Республика күні: Алматыда «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті Almaty.tv

Алматыда Республика күні қарсаңында «Ұлы дала ойындары» ұлттық фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан іс-шара дәстүрге айналған. Ұлттық ойындардың додасын тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының салт-дәстүрімен де кеңінен танысты. Негізгі ойындардан бөлек, фестивальге келушілер, сондай-ақ қолөнер шеберлері дайындаған тұрмыстық бұйымдардың көрмесін тамашалады.

– Ұлттық спорты, салт-дәстүрді үлгі-өнеге қылып бәріне дәріптеу мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іс-шаралар өтіп жатыр. Жамбы ату, теңге ілу, садақ ату, асық ойнау, күрес, көкпар және бәйге сынды ұлттық спорт түрінен жарыс өтеді , – деді қалалық бәйге федерациясының президенті Қуат Үсенов.

Оқи отырыңыз: Республика күні – мемлекет құрудың басты символы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир