|
27.10.2021 | 20:35
1645

Алматыда ақын Тұрсынхан Әбдірахманованы еске алу кеші өтті

Іс-шара ақын ананың өмірі мен шығармашылығын, поэзиясын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған

Алматыда ақын Тұрсынхан Әбдірахманованы еске алу кеші өтті Almaty.tv

Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың 100 жылдығына арналған «Абыз ана, аңыз ақын» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шара ақын ананың өмірі мен шығармашылығын, поэзиясын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Кешке зиялы қауым өкілдерімен қатар, Тұрсынхан Әбдірахманованың туыстары қатысты.

«Халықтың алдында сыйлы болды. Жастарға көп көңіл бөлетін.  Мысалы, Баян Бекетова, Роза Мұқанова, Фариза Оңғарсынова апайды жылы сезіммен еске алып отыратын. Ол кісінің бойында шығармашылықтан, әншіліктен, ақындықтан басқа, керемет адами құндылық болды», – деді Т.Әбдірахманованың сіңілісі, ұстаз Мәдениет Маженова.

Қаламгердің қаламынан 20-дан артық қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер жинағы шыққан. Еске алу кешінде ақынның өлең-жырлары оқылып, әндері шырқалды. Тұрсынхан Әбдірахманованың әр жазған туындысы үлкен философияға толы. Абыз ана адамның жан дүниесін жарқыратып ашатын лирик қана емес, оқиғасы қою поэмалар жазған эпик ақын. Осындай ұлт рухын өсіріп, халық аманатын ақтаған тұлғаның өнегесін кейінге мұра қылу – бүгінгі парыз.

«Абыз ана, аңыз ана» деген кітап шығардым. Осы атқа нағыз лайықты, қазақтың анасы қандай болады, ғалымы қандай болады, қайраткері қандай болады, әншісі қандай болады десең, осы кісіні ұялмай көрсетуге болады. Ол шетелге қазақтың атын шығарған адам. Өзі де нағыз ірі тұлғалы адам еді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәбит Досанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир