Алматыда «Тайжарыс-талант» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен оқушылар және коллежд студенттері арасында «SCENE OF ART`S» халықаралық өнер байқауы өтті. Таланттарды тоғыстырған іс-шарада вокал, көркем сөз, би, аспапта ойнау, бейнелеу өнері, қолданбалы өнер бойынша өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, таным-түсінігінің кеңеюіне, азамат ретінде қалыптасуына өз үлесін қосу. Сахнаға бейімдеп, өзін қысылмай ұстауға, ойын ашық айтуға, кемел тұлға болып қалыптасуына көмектесу.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын жас буынның арасында озық шыққандар болды. Әділ қазылардың шешімі бойынша кіші топтар арасында «Серпер» тобы 1 орын, үлкен топтар бойынша «Дәусары» тобы 1 орын, ал үлкен топтар бойынша «Қарлығаш қобызшылар» тобы 1 орын, ал бас жүлдені "Көкіл" ансамбілі иеленді.