|
01.06.2021 | 20:45
1287

Балаларды қорғау күні: Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының концерті өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында

Балаларды қорғау күні: Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының концерті өтті Сурет интернеттен алынды

Дәл осы сәтте Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Балаларды қорғау күніне орай Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының «Әрқашан күн сөнбесін» концерті басталғалы тұр. Кәсіпқой әншілермен бірге білікті сахна саңлақтарынан сабақ алып, арнайы дайындықтан өткен дарынды балалар да өнер көрсетеді. Қазір филармонияда біздің түсіру тобымыз жұмыс істеп жатыр. Almaty.tv тілшісі Мадина Оқас бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.

- Мадина қайырлы кеш! Балаларға арналған кеш қалай өтіп жатыр?

- Қайырлы кеш, көрермен! Қайырлы кеш студия! Біз қазір Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониядамыз. Қазір мұнда халықаралық балаларды қорғау күніне орай хор капелласының арнайы концерті басталады. Көрермендер залда, ал өнерпаздар соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«6 жастан 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер осы мемлекеттік филармонияның қасында ашылған балалар студиясының жеке әншілер тобы ән айтпақшы. Балалардың ең танымал әндері орындалады. Соған бәріңізді шақырамыз», – деді ұйымдастырушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.

Бүгінгі концерттік кеште «Хор вокалы» үйірмесінің қатысушылары бар екенін айта кету керек. Олар осыған дейін білікті мамандардан сабақ алып, арнайы дайындықтан өткен. Ал бүгін үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсетіп отыр.

«Көптен бері капеллада дайындық жасағанбыз. Соның қорытындысы ретінде бүгін концертте өнер көрсетеміз», – деді жас өнерпаз Заңғар Тұрсынғазы.

Филармония ұжымы алдағы уақытта да бұл үрдістің жалғасын табатынын айтып отыр. Сол арқылы музыкаға қызығушылығы бар балаларды үлкен сахнада өнер көрсетуге бейімдемекпіз дейді ұйымдастырушылар. Ал біз көрермен қатарында отырып, балалардың концертін әрмен қарай тамашалаймыз. Өмір, сөз кезегі өзіңде.

- Рахмет, Мадина! Жамбыл атындағы филармониядан бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Мадина Оқас болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир