Ішкі туризмді дамыту мен елдің рухани құндылығын сақтауды мақсат еткен «Жастармен мәдени мұра» жобасы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ЮНЕСКО мен еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған бұл іс-шара жастар арасындағы тұңғыш кең ауқымды жоба болатын. Айта кету керек, оған республика деңгейінде 178 топ қатысқан болатын.
Ал жеңімпаз Қазақстанның әсем табиғатымен жақын танысып, ел ішінде саяхат жасау мүмкіндігіне ие болды.
«ЮНЕСКО үшін жастармен бейбіт болашақ орнату өте маңызды. Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын қолдана отырып, біз көп дүниені үйрене аламыз. Орталық Азия мемлекеттерінің этно-мәдени тұрғыда бай екені мәлім ғой. Жастардың осы құндылықты ұштастыра білуі туризмнің нығаюына да сеп болмақ», – деді Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының меңгерушісі Арина Мясоед.