Қазақ деген халықтың еркесімін: Алматыда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай көрме ашылды

19.10.2022 01:47

Көрмеге әншінің сахнаға киген костюмдері, қолданған бұйымдары мен жеке заттары қойылды

Almaty.tv

«Қазақ деген халықтың еркесімін!» Алматыда осындай атаумен қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына орай көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрмеге Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманының сахнаға киген костюмдері, қолданған бұйымдары мен жеке заттары қойылды.

Бар ғұмырын қазақ өнерінің өркендеуіне арнаған Роза Тәжібайқызының артында жалғыз ұлы, келіні мен немерелері қалды. Әншінің отбасы Алматы музейі қызметкерлерінің көрме ашу туралы ұсынысын бірден қабылдағанын айтады. Сондықтан барынша құнды естеліктерді әкелуге тырысыпты. Айта кетейік, көрме 2 аптаға созылады.

«Қуана атсалыстық. Биыл анамыздың дүниеден өткеніне 11 жылдан асты. Барлық затты – үйіндегі жиһазы, орамалы, иіс суына дейін сақтаулы. Өзі бір алыс жолға кетіп қалған сияқты қазір чемоданын алып, кіріп келетін сияқты болып тұр», – деді Р. Бағланованың келіні Марал Бағланова