|
24.12.2021 | 20:49
730

Қазақ киносының қоржыны тағы бір тың туындымен толықты

Комедия жанрындағы фильм қызыққа толы шытырман оқиғалармен көрерменді баурап алары сөзсіз

Қазақ киносының қоржыны тағы  бір тың туындымен толықты Almaty.tv

Қазақ киносының қоржыны тағы да тың туындымен толықты. Комедия жанрындағы фильм қызыққа толы шытырман оқиғалармен көрерменді баурап алары сөзсіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.         


Күні кеше ғана Алматыда тұсауы кесіліп, жарқын жұлдыздарды жинаған кинопремьера «Кинопарк» ұжымының ұйымдастыруымен өткен болатын.   

Әсем ән, динамикалық дыбыс, бұның барлығы жаңа тұсауы кесілген туындының көркін аша түсті. Сәлден соң көрермен қызыққа толы кинотуындыны көруге беттейді.

Отандық кинорежиссерлер көркін келтіріп көркемдеп, оны танымал актерлер биігіне жеткізіп орындап шыққан «Менің үлкен қазақы отбасым» комедиясын көптен күткен көрермен күлкіге қарқ болары сөзсіз. Оны бастала салғандағы мына кадрлерден-ақ байқауға болады.

«Мен қазақи, ұлтжанды адаммын. Сондықтан қыздарымның бәрін қазаққа бергім келеді, әрине. Бірақ махаббат, таңдау деген бар. Сол себепті үйдегі түсініспеушілік ұлтжандылық жағынан өрбиді», – деді актер Қуандық Шәкіржанов.

Қырыққа жуық кәсіби маман жұмылдырылған жоба ерекше кадрлермен, қанық сәттермен есте қалады дейді режисері. Ең бастысы, біз таңдау мәселесін әр адам өзі шешкені дұрыс екенін жеткізгіміз келді деп отыр.

«Біз фильмде таңдау еркіндігі мәселесін көтердік. Мысалы, ата-аналары баласының орнына таңдау жасап, қалай өмір сүру, кімге үйлену керек екенін шешіп жатады. Бұл маңызды мәселе. Жастар мен үлкендердің арасындағы түсініспеушілік, жанжал да осыдан шығады», – деді фильмнің режиссері Ален Ниязбеков.

Әлібек Шынтемір, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир