Белгілі қайраткер Байтұрсын Өмірбековтің жеке көрмесі өтті

Белгілі қайраткер Байтұрсын Өмірбековтің жеке көрмесі өтті
Профессор жоғары оқу орнында суретші-реставратор мамандығын енгізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Байтұрсын Өмірбеков 75 жасқа толды. Мерейлі мерекеге орай, бүгін Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде суретшінің «Ақшамда» атты жеке көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Профессор елімізде жоғары оқу орнында суретші-реставратор мамандығын алғаш енгізген. Бірнеше теориялық басылымдардың авторы. Көрмеге мерейтой иесінің 60-қа жуық туындысы қойылды.  

«Ақшам деген өзі бір поэтикалық сөз ғой. Суретшілер, жазушылар өмірінің бір кезеңдерін соған теңейді, сонымен балама жасайды. Орта жастан асып кеткен, ақсақал жасқа жақындаған кезең болған соң, ақшам деп атағанды жөн көрдім», – деді мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков.

«Өмір бойы әкімшілік жұмыстармен жүргендіктен, бұл кісі 75 жасқа келгенше жеке көрмесін өткізбеген екен. Мен өзім таңқалып тұрм. Көрме өткізбей, шыдап жүрудің өзі шыдамды адам екенін білдірсе керек. Бұл да бір өнер адамының ерекшелігі сияқты боп көрінді», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, суретші Жанұзақ Мүсәпір.

Сондай-ақ, дәл осы өнер мұражайында заманауи өнерден сыр шертер «Ырғақ сезімі» атты көрме көпшілік назарына ұсынылды. Онда қазақстандық және халықаралық жас суретшілердің туындысы қойылған. Көрме ерекшелігі – мұнда келгендер әдеттегі майлы бояумен салынған картиналарды емес, компьютердің көмегімен құрылған түрлі графикалық өнер туындыларын тамашалай алады.  

Новости партнеров